Пресс-релиз

14-16.04.2017ж. Жетісай қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Б. Жаңбырбаев атындағы Республикалық турнирі болып өтті. Жарысқа ҚР 14 облысы және Астана, Алматы қалаларының спортшылары қатысты. Жалпы қатысқан спортшылар саны 300 ден астам.

Жарыс жоғары дәрежеде өтті. Төрешілер өз міндеттерін әділ жүргізді.

Астана қаласының спортшылары жүлделі орындармен оралды. Нәтижесі төмендегідей:

1. Болат Нұрсұлтан 55 кг – 1 орын

2. Нұржауов Наурызбай 55 кг – 2 орын

13-16.04.2017ж. Самбодан Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының IV- жастар ойыны болып өтті. Жарыс барысында төрешілік құрамы өз міндеттерін жоғары деңгейде өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының 14 облысының 250 ден астам спортшылар қатысты. Біздің спортшылар 1 алтын, 1 қола жүлдесін Астана қаласының қоржынына салды.

1. Арғынғазина Ақбота 64кг – 1 орын

2. Тұрсынова Жанар 44 кг – 3 орын

29.03-04.04.2017ж. Ақтөбе қаласында самбодан әйелдермен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Жарыс жоғары деңгейде және тартысты өтті.

Нәтижесі төмендегідей:

1. Арғынғазина А. 64 кг – 3 орын

05-11.04.2017 ж. Атырау қаласында ересектер мен жастар арасында шинкиокушинкай каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. КММ «№7 ОРБЖМСМ» 4 спортшы жіберіліп 1 алтын, 1 қола жүлдесімен оралды. Нәтижесі төмендегідей:

1. Жантұяқов А. 70 кг – 1 орын

2. Хайруллаев А. 60кг – 3 орын

14-16.04.2017ж. Белбеу күресінен Ақтөбе қаласында ересектер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Жарыс барысында төрешілік құрамы өз міндеттерін жоғары деңгейде өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының 8 облысының 150 ден астам спортшылар қатысты. Біздің 14 спортшы Астана қаласының намысын қорғап 1 күміс жүлдесімен оралды.

1. Төлеухан А. 75 кг – 2 орын

17-20.04.2017ж. қазақ күресінен Орал қаласында Қазақстан Республикасының IV- жастар ойыны болып өтті. Жарыс барысында төрешілік құрамы өз міндеттерін жоғары деңгейде өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының 14 облысының 250 ден астам спортшылар қатысты. КММ «№7 ОРБЖМСМ» 8 спортшы жіберіліп 1 алтын, 2 күміс жүлдесімен оралды. Нәтижесі төмендегідей:

1. Абдумалик М. Түйе палуан – 1 орын

2. Амангелді М. 74 кг – 2 орын

3. Сейтенов Ж. +100 кг – 2 орын

19-21.04.2017ж. Атырау қаласында таеквондодан Азия чемпионаты болды. Жарыс жоғары деңгейде және тартысты өтті. Жарыс барысында төрешілік құрамы өз міндеттерін халықаралық дәрежеде өткізді. Жарысқа 10 мемлекеттен астам, 400 ге жуық спортшылар қатысты. КММ «№7 ОРБЖМСМ» спортшыларының нәтижесі төмендегідей:

1. Алжанов Р. 55 кг – 3 орын

26-30.04.2017ж. Шымкент қаласында муайтайдан Республикалық турнир болып өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының 8 облысының 150 ден астам спортшылар қатысты. Жарысқа халықаралық дәрежедегі төрешілер төрешілік жүргізді және міндеттерін әділ атқарды.

Астана қаласының спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлдесімен оралды.