РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА КҮРЕСШІЛЕРІМІЗ ТОП ЖАРДЫ

Елордада қазақ күресінен мектеп оқушылары арасындағы Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық жарыс аяқталды. Бірінші күні спортшыларымыз оза шығып, командалық есепте бірінші орынға ие болды. Қыздар тобы жарыста топ жарып, мектеп қанжығасына 5 алтын байлады:

1 орын - Ержеткенова Нуриля (60 кг)

1 орын - Оразбекова Наргиз (+65 кг)

1 орын - Жалбыр Енлик (56кг)

1 орын - Аманова Асем (44кг)

1 орын - Султанхан Анеля (48кг)

3 орын - Акжан Аксезим (52 кг)

3 орын - Каримсакпаева Сая (60кг)

Жігіттер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде Сыздык Ерболат чемпион атанса, Ерсаян Жанат 60 келі салмақта қола жүлдені жеңіп алды.

Жарыстың екінші күні палуанымыз Мейржан Сламшайков +82 келі салмақта чемпион атанды. Екі спортшымыз Бексултан Хуанда (70 келі салмақ дәрежесінде) және Арман Паналханов (82 кг) күміс жүлдеге ие болды.

Жаттықтырушы: қазақ күресінен Нұр-Сұлтан қаласының команда жетекшісі, аға жаттықтырушы Марлен Ахтаев.