САМБО

802.09.2017 жылы Астана қаласында Студенттер саябағында самбодан шеберлік сабағы өткізілді. Іс- шараға самбодан Қазақстан Республикасын спорт шеберлері Айткулов Жанабатыр,Сыздыков Абуталип, Мустафин Канат және олардың үздік шәкірттерінін қатысуларымен өтті. Самбо спорт түрі негізінен өз-өзін қорғау спорт түрі болып саналады.


Бүгінгі таңда Халықаралық Олимпиада комитеті самбоны Олимпиада ойындары бағдарламасына бекіту туралы мәселені қарастыруда.9

Самбо спорт түрінін жаттығуларының көп түрлілігі және орындалу әдістері әр түрлі. Бүгінде ойын шартында қорғану мен шабуыл жасаудың жүздеген әдістері орындалды. Көрермендер әдіс-техникаларын тамашалап, спортшыларға өз лебіздерін білдірді. Алдағы уақытта ауа-райының жылы күндері осындай іс-шараларды халықты салауатты өмір салтына шақыру мақсатында жиі өткіземіз.