САМБОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ
4-6 маусым аралығында Ташкентте самбодан Азия чемпионаты және жастар Азия біріншілігі өтті.
Құрлықтың үздік самбистері Өзбекстан астанасына турнир медаліне таласу үшін келді.
Жарыстың алғашқы күнінен - елордалық спортшы 58 келі салмақта Балтабаев Ақжол 2 орынды жеңіп алды. Турнирдің соңғы күнінде елордалық спортшы Аружан Сәтова турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Айта кетсек, жарыс Ташкенттің әмбебап спорт сарайында өтті. Турнирдің бас серіктесі - "Роснефть" компаниясы.