Самбодан шеберлік сабағы бойынша ақпарат

12.05.2017ж. Астана қаласы «Алатау» спорт сарайында самбо күресінен шеберлік сабағы болып өтті. Шеберлік сабағы Астана қаласы әкімдігінің «№7 ОРБЖМСМ» КММ ұйымдастыруымен, самбо күресінен   ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан Әлемнің үш дүркін чемпионы, Азия чемпионы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы Алмас Сүлейменовтың қатысуымен өтті. Іс шара өту кезінде жас спортшыларымыз көптеген халықаралық дәрежедегі сапалы әдістер тәжірибесін алды. А. Сүлейменов спортшыларға басты тақырыптағы тізелеп және тұрып күресу әдістерінің алдап жығу жолымен бөлісті.

 Сабақ уақыты 1сағат 15 минутке созылды. Аяқталуы кезінде ҚР еңбек сіңірген спорт шеберімен суретке түсу және қол таңба алу дәстүрі өтті.