Shymkent Cup - 2021

Шымкентте таэквондодан Рашид Жұмановты еске алуға арналған халықаралық турнирі өтті. WT "Shymkent Cup"-қа ТМД елдерінен мыңға жуық спортшы келді. Елордалық таэквондошылар жарыста жақсы нәтижеге қол жеткізді. Турнирдің бірінші күні Жарас Әлімжанов 63 кг салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында алтын медальді қанжығасына байлады. Екінші күні Алихан Рахимжанов 49 кг салмақ дәрежесінде және 37 салмақ дәрежесінде Абділ Тлеубай қоланы жеңіп алды. Үшінші күннің нәтижесі бойынша Адиля Нурлан 38 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Таэквондо бөліміндегі жаттықтырушылар тобын Алишер Бейсембай, Нурболат Жанбиров және Ержан Адилханды жеңіспен құттықтаймыз!