«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»
2019 жылғы 21 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№7 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының (бұдан әрі – Жолдау) негізгі талаптарын түсіндіру жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ақпараттық-түсіндіру тобы спикерлерінің мектеп жаттықтырушылармен және қызметкерлерімен формалдық түрде кездесуі өтті.
Жолдаумен жан-жақты танысып, кездесу қатысушылары халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қатысты Жолдаудың негізгі талаптарын қолдады.
Мемлекет Басшысы Үкімет алдына Қазақстан халқының тұрмысын және өмір сүру сапасын көтеру бойынша нақты міндеттер қойды. Қуантатындай жағдай - Президент көпбалалы отбасылардың жағдайвн жқасарту, жас отбасыларды қолдау, оларды қолжетімді баспанамен қамту мәселелеріне айырықша назар аударды. Бұл дегеніміз – ел басшылығы мен билік тарапынан болашақ ұрпақтың қамын ойлау. Кездесуге қатысушылар Мемлекет Басшысының осы бастамасын жоғары бағалады.
Президент Жолдауында нақты міндеттер белгіленген және оларды іске асырудың өзекті жолдары ұсынылған.