ТАЭКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Мамыр айының соңында «Думан» қонақ үй кешенінде таэквондодан кадеттер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Жарысқа 400-ден астам спортшы қатысты. Республикалық турнир барлық санитарлық талаптарға сай көрермендерсіз өтті.

Турнирдің бірінші күні спортшыларымыз үшін сәтсіз аяқталды. Алайда кейін елорданың қанжығасына күміс жүлдесін 55 кг салмақ дәрежесінде Мейрамгуль Мадиханқызы әкелсе, қола медальды Балнур Каумбай жеңіп алды.