ТАРАЗДА КАРАТЭДЕН V ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Таразда каратэден V Жастар ойындары мәресіне жетті. Жастар спорттық ойындарында жас спортшылар кумитэ бойынша 12 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Елордалық Николь Ценгель 55 кг салмақ дәрежесінде алтын медальді қанжығасына байлады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Жамбыл облысының командасы көш бастады. Шымкент қаласы мен Алматы қаласының құрамалары екінші орынды теңдей бөліп алды.

Ал Алматы облысының спортшылары үздік үштікті қорытындылады. Айта кетерлігі, Тараз жерінде аталған республикалық бәсеке 16-18 маусым аралығында өтті.