2021-2022 Ж. ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ҚАНДАЙ?

285098669_719003712553217_2009040709635509711_n

⚜️2021-2022 Ж. ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ҚАНДАЙ?

Бүгін мектебімізде жаттықтырушылар мен басшылық бас қосты. Жиналыстың басты тақырыбы - жылдық нәтижелер. Есеп беру отырысына дене-шынықтыру және спорт басқармасынан келген Алуа Балдиновна Ибраева қатысты.

⚜️ Мектеп басшысы @azamat_lmashev Азамат Болатұлы Имашев атап өткендей, спортышларымыз былтыр республикалық 73 жарысқа қатысып, 400-ден астам медаль алды, оның ішінде 148 алтын. Халықаралық турнирлерде 101 медаль жеңіп алдық. Қазақстан чемпионаттарына келетін болсақ, мектеп қанжығасында 300-ге жуық жүлде бар.

Сонымен қатар, ұлттық құрама команда сапында 55 спортшымыз кірген.

⚜️Осы жыл да мектеп тәрбиеленушілері үшін сәтті болып отыр. Халықаралық жарыстарда спортшыларымыз жақсы нәтижелер көрсетуде. Атап айтсақ, Бахрейнде өткен джиу-джитсудан Азия Чемпионатында Нұржан Ұлжан жүлдегер атанды. Стамбулда алты спортшымыз жүлделі орынға ие болды. KWU Kyokushin Азия чемпионатында киокушинкай каратэ бөлімінің 29 спортшысы жүлдегер атанса, шинкиокушинкай бөлімінің 20 каратэшісі жеңіс тұғырынан көрінді. Нормандияда оқушылар арасында Дүниежүзілік гимназиада Акрамат Долгиев бірінші орынға ие болды, таэквонодошы AUSTRIA OPEN халықаралық турнирінде де топ жарды.

???? Осы жылы спорта кеңінен дамыту үшін Р. Қошқарбаев көшесінде жаңа зал ашылды. Айналасатын балалар саны 200-ге жуық. Қабылдау жүргізілуде. «Өндіріс» тұрғын алабында Дене шынықтыру-сауықтыру кешені де ашылды.

????Жиналыста мектеп дәрегері @dr.zhadyra_yergesh Жадыра Скандарқызы Ергеш балалар мен жаттықтырушылардың дәрегерлік тексерістен уақытында өтіп жатқанын туралы айтып берді. Әдіскер @kabulova_farida Фарида Куватбаевна Кабулова бақылау нормативтері жайлы баяндады.

Атап өтейік, жиналысқа келген әр бапкер толғандырған сұрақтарды басшылыққа қойып, жауап алды.
--
С уважением, Динара Абдирова
Yours sincerely, Dinara Abdirova

 

285135377_719003725886549_456392819685488614_n 284881063_719003715886550_5621730821687749438_n 284542240_719003742553214_1811100924505284004_n