Абзал Занғар - ЧЕМПИОН!

Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабиде Джиу-Джитсудан Әлем Чемпионаты аяқталды. Доданың екінші күнінде Аслан Оспановтың шәкірті Абзал Заңғар 55 келі салмақ дәрежесінде, 16-17 жастар арасында алтын медальді жеңіп алды. Спортшымыз файтинг бөлімінде бақ сынады.

Осылайша Абзал Заңғар — екі дүркін Әлем чемпионы атанды.Халықаралық турнирде тағы үш спортшымыз қола жүлдеге ие болды.Джамаль Рузахунов Әлем Чемпионатының неваза бөлімінде күресіп U16 - 66 кг салмақ дәрежесінде үшінші орынды жеңіп алды.

Самат Эмирхан 38 келі салмақ дәрежесінде қола медальге қол жеткізді. Дәл сондай нәтижеге Аделя Ушурова ие болды. Ол 63 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

Айта кетейік, Әлем чемпионатына 1500-ден астам спортшы 62 елден қатысты. Бір ерекшелігі, дода барлық жас аралықтары бойынша өтті. Джиу-джитсудан бапкерлерімізді Аслан Оспанов, Арманжан Рузахунов.