АСЫҚ АТУДАН АШЫҚ САБАҚ

Ұлттық спорт ойыны - асық ату елордада қарқынды дамуда. Сақасын сайлап, жарыста қанжығасын майлап жүрген балалар аз емес. Бүгін елордалық №65 мектепте асық атудан өткен ашық сабақта балалар төрешілер мен қонақтарға өз өнерлерін көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, көнеден келе жатқан асық ату ойыны баланың бойына 30 түрлі қасиетті, дағдыны дамытады. Сондай-ақ бұл спортпен шұғылданған бала тез тіл табысқыш, ашық әрі көпшіл болып өседі.