АСЫҚ АТУДАН АШЫҚ САБАҚ

 
 
Ұлттық спорт ойыны елордада қарқынды дамуда. Сақасын сайлап, жарыста қанжығасын майлап жүрген балалар аз емес. 23 ақпанда елордалық №65 мектепте асық атудан өткен ашық сабақта балалар төрешілер мен қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, көнеден келе жатқан асық ату ойыны баланың бойына 30 түрлі қасиетті, дағдыны дамытады. Сондай-ақ бұл спортпен шұғылданған бала тез тіл табысқыш, ашық әрі көпшіл болып өседі.
 
Жаттықтырушы: Кабышев Ерлан