ЭКИПИРОВКАЛЫ ЖАТЫП СЫҒЫМДАУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

11-12 наурызда Шымкентте классикалық және экипировкалы жатып сығымдау бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыста біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, Абылай Қырықбаев финалда қарсыласына есе беріп, күміс жүлдегер атанды. Валерий Марченко 120 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынды жеңіп алды.

 

Жарыстың екінші күні пауэрлифтингтен жаттықтырушымыз Роман Пищаев @romanpishchaev классикалық және экипировкалы жатып сығымдау бойынша +120 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды!

 

Айта кетейік, жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 400-ге жуық спортшы қатысты.