ЕРЛАН ШАҒБАН - ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

Италия елінде кикбоксингтен ересектер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Оған 65 елден 1600 спортшы қатысуда. 54 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Ерлан Шағбан барлық қарсыластарынан басым түсіп, 2019 жылғы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Дәл осы жарыста тағы бір спортшымыз - Батырхан Қуандықов қол жүлдегер атанды.

Бапкер: Бахытжан Кумисбеков