ГРЭППЛИНГТЕН ЧЕМПИОНАТ

Павлодар қаласының грэпплингтен жасөспірімдер, балалар және ерлер арасындағы ашық чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған жарыста спортшыларымыз грэпплинг GI және NO GI бөлімдерінде бақ сынасты. Грэпплинг GI -де чемпион атағын Дияс Жылкайдаров және Алдияр Каримов жеңіп алды. Жантемиров Мансур күміс медаліне ие болды. Ал Жантемиров Амир - қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын төрт спортшымыз NO GI бөлімінде жүлдегер атанды:

1 орын - Жылкайдаров Дияс

2 орын - Каримов Алдияр

2 орын - Жантемиров Мансур

3 орын - Жантемиров Амир

Жаттықтырушы: Тоқтар Зарубеков