Серік Абдуллаұлы Халелов №7 БЖСМ басшысы қызметіне тағайындалды.

Серік Абдуллаұлы Халелов №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды. Осы уақытқа дейін ол №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметін атқарды.
Серік Абдуллаұлы- дзюдодо, қазақ күресі және самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Дзюдодан халықаралық дәрежеде төреші. Спорт саласында 30-ға жуық жыл қызмет атқаруда.
Спорт саласында жинаған мол тәжірибесі өз септігін тигізеді деген сенімдеміз. Жаңа қызметте сәттілік тілейміз!

 

boss