СПОРТТЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Азамат Имашев С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін  экономист-менеджер мамандығы бойынша  білім алған. Кейін академик Е. А. Букетов атындағы  Қарағанды мемлекттік университетін  «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірді. Магистр дәрежесін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару»  мамандыгы бойынша алған.

Азамат Имашев менеджмент саласында 10 жылдан астам қызмет етті. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын елордалық каратэ-до және жекпе-жек федерациясында менеджер болып бастады, сонымен қатар кекушинкай каратэден Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі болды.  Одан бөлек, елордалық киокушинкай каратэ федерациясының вице-президенті, Республикалық ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясында жастар құрамасының бас жаттықтырушысы қызметтерін атқарды. Одан кейін елордалық Олимпиада резервін даярлау орталығы директорының орынбасары, кейін қала әкімдігінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен елордада марафондар, жарыстар, велошеру сияқты көптеген бұқаралық шаралар өтті

Азамат Болатұлы №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы ретінде ерекше көзге түсті. Ол бұл қызметке 2018 жылдың қазан айында тағайындалды. Жұмыс барысында өзін әділ де білікті маман ретінде көрсете білді. 2019 жылы осы қызметте «Пригородный» тұрғын алабындағы жаңа спорт кешенін қабылдады. Қазіргі таңда ASPAN-да ең ірі республикалық сайыстар өтуде. Бүгінгі таңда мектепте 2 мыңға жуық жас спортшы спортпен шұғылдануда.  Оның 79 ұлттық құрама сапында еліміздің көк туын желбіретіп жүр. Былтыр спорт мектебінің шәкірттері халықаралық ареналарда 100-ден астам медаль, республикалық турнирлер мен чемпионаттарда 500-ге жуық жүлдені жеңіп алды. 

Сонымен қатар, 2021 жылы Азамат Имашев «Өндіріс» ықшам ауданындағы тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешенін өз қолына алды. Спорттық мекеме Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарға сәйкес, Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін құрылысы шеңберінде салынды. Оның ашылуының арқасында шалғайдағы балалар спорт секцияларымен тегін айналысып, халықаралық, республикалық, қалалық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды. Азамат Имашев халықпен тығыз жұмыс жасады. Тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша Р. Қошқарбаев 60 көшесінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тағы екі жаттығу залын ашты. Қазір мұнда спорттың 8 түрінен үйірмелер бар. Сондай-ақ, «Жағалау» шағын ауданындағы 400 шаршы метр ғимарат назарға алынды.

Айта кетерлігі, Азамат Имашевтың жетекшілігімен спорт мектебінде секциялардың саны көбейді. Қызметке кіріскен кезде олардың саны 10 болса, қазір мекемеде спорттың 19 түрі қарқынды дамып жатыр, оның ішінде үшеуі олимпиадалық – құзға өрмелеу, каратэ-до және таэквондо түрлері. Барлық спорт түрлері бойынша оқушылар әлемдік және республикалық ареналарда тамаша нәтижелер көрсетуде. Айта кетейік, Нұржан Ұлжан джиу-джитсудан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанып, Әлем кубогына қатысқан кикбоксшылар (Түркия) 5 медальді жеңіп, таэквондошы Акромат Долгиев Дүниежүзілік мектеп гимназиясында бірінші орынға ие болды. Оған қоса, Азия чемпионатында киокушинкай-кан және шинкиокушинкай каратэ спортшылары 50-ге жуық жүлделі орындарды жеңіп алды.Зор білімі мен басқарушылық қабілеті үшін Азамат Болатұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» медалімен марапатталды. Қорытындылай келе, Азамат Имашев спорт әлемінен хабардар екенін атап өтейік. Ол киокушинкай каратэден Қазақстан Республикасының спорт шебері, қара белбеу иегері, 3 дан, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Сонымен қатар, қазіргі таңда ол жаттықтырушы қызметін қатар алып жүр.  Азамат Имашев чемпиондардың бір емес, бірнеше ұрпағын тәрбиелеп шығаруда. №7 БЖСМ-нің ұжымы және жаттықтырушылар құрамы Азамат Болатұлына тиімді атқарылған жұмыстар, спорттың әр түрлерін дамытуына қолдау көрсеткені және сұрақтарды шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білгені үшін шексіз алғыс білдіреді. Сонымен қатар, жаттықтырушыларға, спортшыларға мен қызметкерлерге құрмет көрсетіп, түсіністік білдергені үшін алғыс айтады. Отандық спортты дамыту жолындағы әр бастамаңыз сәтті болсын! Жаңа қызметте – жаңа табыстар көбейе берсін!