ТURKISH OPEN G-1

Анкарада таеквондодан халықаралық жарыс аяқталды. Жоғары рейтингтегі сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен тек мықтылар жиналды. Оның ішінде біздің спортшылар бар.

@aiym.aksulu Ақсұлу Чактауованың тәрбиленушісі Айда Таукенова 63 келі салмақ дәрежесінде керемет өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Өз көмегі мен қолдауын спортшыға беделді бапкер @aitzhan_aldabekov1986 көрсетті.

Әділ Тлеугабыл осы жарыста қарсыластарынан осал еместігін көрсетті. TURKISH OPEN G-1 халықаралық турниріне спортшы бірінші рет қатысып отырған жоқ. Осы жылы @beisembaya Алишер Бейсембай мен @nurbolat.zhanbirov Нұрболат Жанбировтың атлеті 68 келі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.