САМБОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ
Түркістанда самбо күресінен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты аяқталды. Жарыс «Olympic center» спорт кешенінде өтті. Дүбірлі күрес бәсекесіне еліміздің 20 өңірінен іріктелген 430 спортшы қатысып, боз кілем төрінде тартысты белдесулер өткізді.
«Сен тұр, мен атайын» деген балуандар республикалық сайысқа жоғары дәрежеде дайындалып келген. Біздің екі спортшымыз жүлделі орындареа ие болды.
Атап айтсақ, Жеңіс Ерасыл 71 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанса, Жумашев Асхат +98 кг қола жүлдені жеңіп алды.