ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылында Құсбегіліктен жасөспірімдер мен жастар арасындағы XVI Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Ауа райының тұманды, күрделі жағдайына қарамастан, қыран баптаған құсбегілер додаға тас-түйін дайындықпен шығып, шеберліктерін паш етті.
Жарыстың алғашқы күні жасөспірімдер арасында өтті: 22 бүркіт, 27 қаршыға және 10 ителгі. Ал екінші күні жастар сынға түсті. Бұл додада 22 бүркіт, 21 қаршыға және 9 ителгі сайысты.
Жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар
Бүркіт құсын салудан:
1 орын - Серікбекұлы Ерасыл (Астана)
2 орын - Сагидуллаев Жандарбек (Алматы қаласы)
3 орын - Абдибай Ақниет (Алматы қаласы)
Қаршыға құсын салудан:
1 орын - Батырбек Адия (Алматы қаласы)
2 орын - Бекмұхамбет Айдар (Алматы облысы)
3 орын - Кунтуган Диас (Астана)
Ителгі құсын салудан:
1 орын - Турсунбек Еділхан (Түркістан облысы)
2 орын - Батырбек Адия (Алматы қаласы)
3 орын - Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)