Астана қаласы әкімдігінің «№7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» жеңіл атлетика бөліміне балаларды қабылдайды. Жаттығу тегін.
Жаттығулар Тұран даңғылы, 59 мекенжайында орналасқан «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.
Спорт мектебіне жалпы білім беретін мектептердің және басқа оқу орындарының оқушылары төмендегі құжаттармен қабылданады:
1. оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілінен еркін нысандағы өтініш;
2. оқуға түсушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілген туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін), не жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат;
3. ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген 027/у нысаны бойынша учаскелік дәрігер берген, таңдалған спорт түрімен айналысуға рұқсаты көрсетілген медициналық анықтама.
Қабылдау жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.


