Медициналық сақтандыру қорына кім қанша төлейді?
Медициналық сақтандыру қорына кім қанша төлейді? |
Кәне, тексеріп көрелік |
Сонымен, 2018-2019 жылдары жарнаны тек жұмыс берушілер аударады
Жұмыскер табысының 1,5% |
Мысалы, сіз 100 000 теңге айлық алатын болсаңыз жұмыс беруші Медициналық сақтандыру қорына ай сайын 1500 теңге жарна аударады. |
Төленетін сома мөлшеріне қатысты шектеулерге назар аударыңыз |
Егер табысыңыз 10 ең төменгі жалақыдан, яғни, 425 мың теңгеден асатын болса, аударым мөлшері шамамен 6300 теңгені құрамақ |
2020 жылы қандай өзгеріс болады? |
Мемлекет 13 санатқа жататын азаматтар үшін жарна төлейді: Олар – балалар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, көпбалалы аналар, декретте отырған аналар, мүгедектер мен мүгедек-балалардың күтушілері, ресми тіркелген жұмыссыздар, интернат тәрбиеленушілері, студенттер, қылмыстық-түзету жүйесінде және тергеу изоляторында отырған тұлғалар, жұмыссыз оралмандар.
01.01.2020 – 1,4 % 01.01.2021 – 1,6 % 01.01.2022 – 1,7 % 01.01.2023 – 1,8 % 01.01.2024 – 1,9 % 01.01.2025 – 2 % 01.01.2026 – кем дегенде 2%, бірақ 3% аспауы тиіс
|
Жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлер үшін жарна төлеуді тоқтатпайды. табыстың 2% - жұмыс берушінің есебінен + табыстың 1% - жұмысшының есебінен
|
Жеке кәсіпкерлер өздері үшін 1,4 (1 бүтін оннан 4 – для диктора) ең төменгі жалақы көрсеткішінің 5 пайызын аударады
Шамамен 3000 теңге |
Еңбек биржасында тіркеуде тұрмаған және ресми тіркелмеген, жарнаны өз бетінше төлейтін азаматтар ең төменгі жалақының 5%-ын аударады
шамамен 2000 тг |
Бірыңғай жиынтық төлем төлейтін санат. Бұл санатқа тек қана жеке тұлғаға қызмет көрсететін жеке тұлғалар жатады. Олар республикалық маңызы бар қалаларда – 1, ауыл-аудандарда – 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жарна аударады. |
Сіз қанша теңге төлесеңіз де, Медициналық сақтандыру қорына түскен қаржының барлығы медицинаға, диагностика, емдеу мен профилактикалық тексерулерге жұмсалады. Сақтандырылған әрбір азамат сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді. |