ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАРЫС
Маусым айының соңында қазақ күресінен елімізде бірнеше республикалық жарыстар өтті. Баянауыл ауданында қазақ күресінен Қаныш Сатпаев атындағы турнир өз мәресіне жетті. Спорт мектебінің тәрбиеленушілері Ардақ Жүнісов 46 салмақ дәрежесінде 1 орынды жеңіп алса, Еркебулан Елеусизов (50 кг) 3 орынға жайғасты.
Ақтауда, Мұнайлы ауданында ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алуға арналған қазақ күресінен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында III дәстүрлі республикалық турнирі өтті. Біздің күресші Мамыржан Нурасыл 50 кг салмақ дәрежесінде 3 орынды жеңіп алды Сонымен қатар «Спорт шеберiне үмiткер» атағына жеттi.Бапкерлер: Тілеген Көбейсін, Марлен Ахтаев.